Тәуелсіз бақылаушылардың Қазақстан Президентіне үндеуі — Обращение к президенту Казахстана от независимых наблюдателей

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!
Біз — былтырғы өткен Президенттік сайлауда сайлау учаскелерінде болған көптеген заңбұзушылықтар мен сайлау мәдениетінің төмендігін, халық арасында сайлауға деген сенімсіздіктің қандай деңгейде екенін көрген тәуелсіз бақылаушылармыз. Былтырғы сайлаудан кейін ресми түрде «Тәуелсіз бақылаушылар» ҚБ ретінде бірнеше аймақтарда тіркеуден өттік. Біздің басты мақсатымыз – әділ сайлаудың өтуіне атсалысу, әрбір Қазақстандықтың дауысының маңыздылығын жеткізіп, сайлау мәдениетін, сайлауға деген сенімді қалыптастыру. Тек әділ де таза сайлау ғана бейбітшіліктің кепілі болады деп білеміз. Әділетсіз сайлау қоғамда қарсылық акцияларын тудырып, ішкі толқуларға алып келеді. Оған дәлел ретінде алысқа бармай-ақ кешегі Беларусь пен көрші Қырғызстан еліндегі сайлауларды атап өтсек болады. Бұған дейін де Грузия, Армения, Украина елдеріндегі майдандардың себебі де осы әділетсіз сайлаудың нәтижесі емес пе еді?!
Біз елімізде бейбітшіліктің болғанын, Қазақстанның кез-келген азаматы өз таңдауының маңызды екенін түсіне отырып, дауыс бергенін, кез-келген таңдау шынайы халықтық болғанын қалаймыз.
А. Линкольн «Сайлау бюллетені – оқтан да күшті» деген екен. Иә, теорияда солай. Ал, өкінішке орай, бүгінде біздің елде сайлау — сенімсіз алаң, бюллетень – құнсыз қағазға айналды. Халық арасында сайлауға деген сенімсіздіктің болуының себептері көп. Былтырғы сайлауда ол себептердің неден туындағанын біз өз көзімізбен көрдік.
Құрметті, Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сізден осы Парламент сайлауының таза, әділ өтуін қамтамасыз етуіңізді, халыққа сайлауға деген сенімді қайтаруыңызды сұраймыз. Уақыт өтеді, заман кетеді, ал сайлауға деген сенім мен сайлау мәдениеті ғасырдан ғасырға нағыз демократияның бейнесі болып қалуы үшін таза сайлауға қадамды бүгін жасауымыз керек.
Алдағы Парламент сайлауына халық арасында өте үлкен сенімсіздік бар. Оған себептердің бірі ретінде Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев пен билік партиясы төрағасының туыстығы. Қазақ құдасын құдайындай сыйлаған елміз. Сайлауды ұйымдастырушы құрылымның басшысы бәсекеге қатысушы партия басшысының отбасына жақын тұлға болуы моральдық тұрғыда Б. Имашев мырзаның өзіне дискомфорт, сайлауға қатысушы басқа партиялардың жеңіске деген үмітіне кірбің, халықтың әділ сайлауға деген сеніміне күмән тудыратыны анық.
Осыған орай, Сізден, ОСК-нің төрағасы Б. Имашевті қызметінен босатуыңызды сұраймыз. Бұл, алдағы сайлаудың таза өтуінің алғышарты болатын еді. Бұл тек біздің бақылаушылардың өтініші емес. 2020 жылғы 31 қазанда Алматы қаласында өткен митингтің қарарында да осы талап қойылған болатын. Көптеген азаматтық белсенділер айтып, халықтың көкейінде жүрген мәселе. Сіз тыңдаушы мемлекетті қалыптастырушы азамат ретінде халықтың көкейінде жүрген бұл мәселені бей-жай қалдырмай, құлақ асасыз деп үміттенеміз.

Уважаемый Касымжомарт Кемелевич!
Мы — независимые наблюдатели, являемся свидетелями многочисленных нарушений на избирательных участках, низкого уровня электоральной культуры, а также недоверия общества к выборам, прошедшим в прошлом году.
После выборов общественные объединения «Независимых наблюдателей» официально зарегистрированы в нескольких регионах. Наша главная цель — участвовать в проведении честных выборов, донести важность голоса каждого казахстанца, сформировать электоральную культуру и восстановить доверие к выборам.
Мы знаем, что только честные и чистые выборы являются ключом к миру. Несправедливые выборы провоцируют протесты и внутренние волнения в обществе. Доказательство тому — вчерашние выборы в Беларуси и соседнем Кыргызстане. Разве результат таких несправедливых выборов не стал причиной возникновения конфликтов в Грузии, Армении и Украине?!
Мы хотим, чтобы в нашей стране был мир, чтобы каждый гражданин Казахстана голосовал, осознавая важность своего выбора, и любой выбор был бы по-настоящему народным.
Как сказал Авраам Линкольн: «Избирательный бюллетень сильнее пули». Да, теоретически это так. Но, к сожалению, сегодня в нашей стране выборы — ненадежная платформа, бюллетень — никчемный лист бумаги. Есть много поводов для общественного недоверия к выборам. На прошлогодних выборах мы своими глазами увидели их причины.
Уважаемый Касым Жомарт Кемелевич, просим Вас обеспечить справедливость предстоящих парламентских выборов и вернуть доверие народа к ним. Времена проходят, сменяются эпохи, и сегодня мы должны сделать шаг к справедливым выборам, для того чтобы доверие к выборам и электоральная культура оставались отражением истинной демократии на протяжении веков.
Предстоящие парламентские выборы вызывают большое недоверие. Одна из причин — аффилированность между председателем ЦИК Бериком Имашевым и председателем правящей партии.
В нашей стране сватов почитают почти как богов (Қазақ құдасын құдайындай сыйлаған елміз). Близость главы выборного органа к семье лидера конкурирующей партии морально неприемлема, является источником дискомфорта лично для г-на Имашева, не вселяет надежды другим партиям на победу, и, конечно, ставит веру народа в честные выборы под сомнение.
Ввиду вышеперечисленного, просим освободить председателя ЦИК г-на Б.Имашева от занимаемой должности. Такой шаг стал бы предпосылкой для честных выборов. Это не просто просьба независимых наблюдателей, такое требование прозвучало в резолюции митинга, состоявшегося 31 октября в Алматы. Это проблема, о которой говорят многие активисты гражданского общества.
Мы надеемся, что Вы, как организатор слышащего государства, не оставите без внимания этот вопрос, волнующий Ваших избирателей.