ҚР ОСК әрбір сайлау учаскесінде дауыс санау аяқталған соң барлық сайлау учаскелері бойынша дауыс беру қорытындыларын АШЫҚ түрде сол сәтте жедел ғаламдорда,

ТӘУЕЛСІЗ БАҚЫЛАУШЫЛАР АЛЬЯНСЫ:

ҚР ОСК әрбір сайлау учаскесінде дауыс санау аяқталған соң барлық сайлау учаскелері бойынша дауыс беру қорытындыларын АШЫҚ түрде сол сәтте жедел ғаламдорда, ҚР ОСК ресми сайтында жалпыхалыққа қолжетімді жариялануын қамтамасыз етуі тиіс! Егер сайлау комиссиялары барлығын заңда көзделгеніндей әділ, ашық және жариялы түрде өткізген болса, онда халыққа ашық есеп беруден жалтармауы тиіс.

Өткен 2019 жылғы Президент сайлауында біз көптеген заңсыздықтардың куәгері болдық, тіптен көзбояушылықтардың бұлтартпас нақты дәлелі бола тұра заң бұзушылар еліміздің соты тарапынан жазаланбады. Сайлау заңының орындалуын қадағалайтын әр қала бойынша кезекші прокурорлар өз қызметтерін тиісті деңгейде атқармады, сайлау күні байланыс желісіндегі «артық жүктеме» деген желеу себеппен тиісті кезекші прокурорлармен хабарласу мүмкін болмады, олардың сайлау учаскесіне келіп, істің ақ-қарасын анықтау, заңсыздықты әшекерелеу бойынша жұмыстары байқалмады.

Мәселен, Алматы қаласының бақылаушылар 225 участок бойынша хаттамаларды қолға алған, онда кандидат Ә.Қосановқа 69 669 адам дауыс бергендігі, ал Алматы қалалық АСК ресми мәліметтерде кандидат Ә.Қосановқа Алматы қаласының 554 сайлау учаскесі бойынша 50 366 адам дауыс бергендігі көрсетілген. Бұл туралы бақылаушылардың ҚР Бас прокуратурасына жолдаған үндеуінде баяндалған (шындық жарияланған үндеу мәтіні еліміздің аумағында бейресми бұғатталғандықтан VPN арқылы ашу қажет https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=2386854884922704&id=100007946477525&sfnsn=mo ). Алайда, мұндай бұлтартпас дәлелдің соңы бармақ басты, көз қысты болып, оны ұйымдастырушылар тарапына қысым көрсетіліп, ақыр соңы сиыр құйыршықтанып сұйылып кетті.

«ҚР сайлау туралы» ҚР КЗ 43-бабы 8-тармағына сәйкес Хаттаманың көшiрмесi жалпыжұрттың танысуы үшiн сайлау учаскесiнiң үй-жайындағы арнайы белгiленген орынға дереу iлiнедi және үй-жайда екi күн бойы тұрады және осы Заңның 20-1 бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес 11) дауыс беру өткізілгеннен кейін дауыс беру қорытындылары туралы сайлау комиссиясының хаттамаларымен танысуға, олардың куәландырылған көшірмелерін алуға құқығы болғанымен, сайлау учаскесінен шыққан хаттамалардың тағдыры беймәлім.

Сондықтан сайлау комиссиялары осы аталған баптарды желеу қылып, былай шыққан соң жоғарыда көрсетілгендей «қажетінше» деректерді өзгертуіне жол берілмеуі тиіс.

(Былтырғы петиция сілтемесі ел аумағында «бейресми» бұғатталғандықтан 👉VPN арқылы ашып көріңіз)👇👇👇

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=2386854884922704&id=100007946477525&sfnsn=mohttps://m.facebook.com/story.php?

 

 


АЛЬЯНС НЕЗАВИСИМЫХ НАБЛЮДАТЕЛЕЙ:

• ЦИК РК ДОЛЖНА ОПУБЛИКОВАТЬ РЕЗУЛЬТАТЫ ГОЛОСОВАНИЯ ПО КАЖДОМУ ИЗБИРАТЕЛЬНОМУ УЧАСТКУ!

ЦИК РК обязана обеспечить, чтобы после подсчета голосов на каждом избирательном участке результаты голосования на всех избирательных участках незамедлительно публиковались в ОТКРЫТОЙ форме в Интернете и на сайте ЦИК РК! Если избирательные комиссии выполняли все, как указано в законе, как требуется в законе справедливо, прозрачно и публично, то они не должны уклоняться от отчетности перед общественностью.

На последних Президентских выборах 2019 года мы стали свидетелями множества нарушений, но нарушители не понесли наказания — не было решений независимых судов страны, несмотря на то, что наблюдателями были предоставлены неопровержимые доказательства фальсификации. Дежурные прокуроры в каждом городе, которые контролировали выполнение закона о выборах, не выполняли свои обязанности должным образом, и в день выборов не было возможности связаться с соответствующими дежурными прокурорами из-за «перегрузки» сети связи, они не явились на избирательный участок для расследования дела и выявления незаконности.
Например, в 2019 году на выборах г.Алматы наблюдатели зафиксировали протоколы на 225 избирательных участках, где за кандидата А. Косанова проголосовало 69 669 человек, а по официальным данным Алматинской ТИК, на 554 избирательных участках Алматы за кандидата А. Косанова проголосовали 50 366 человек. Об этом говорится в обращении наблюдателей в Генпрокуратуру Казахстана (текст обращения, который фактически был опубликован, нужно открывать через VPN, поскольку он неофициально заблокирован в стране https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=2386854884922704&id=100007946477525&sfnsnmo). Однако на организаторов обращения оказали давление, и, в конце концов, спор остался неразрешенным.

В соответствии с пунктом 8 статьи 43 КЗ РК «О выборах Республики Казахстан» копия протокола немедленно вывешивается в специально отведенном месте на территории избирательного участка. Статья 20-1 согласна чего у граждан есть право знакомиться с протоколами избирательной комиссии об итогах голосования после голосования, получать их заверенные копии, но судьба множества протоколов с избирательных участков неизвестна.
Следовательно, избирательным комиссиям нельзя разрешать изменять данные «по мере необходимости», как указано выше, со ссылкой на эти статьи и обязать отдельным приказом ЦИК вывешивать копии протоколов с результатами выборов сразу после голосования.