Назар аударыңыз! ҚҰ Жарғысына өзгерту енгізу үшін ұсыныстар — Внимание! Срочно! Рекомендация для включения в изменение уставов ОО!

  Внимание! В связи с сегодняшним незаконным, антиконституционным указом ЦИК https://www.election.gov.kz/rus/news/releases/index.php?ID=5908, мы рекомендуем всем ОО, РОО, в уставе которых не указаны цели по наблюдению,  подать на внесение изменений в Устав — в департаменты юстиции.  

Приводим в качестве примера выдержку из устава НЕЗАРЕГИСТРИРОВАННОГО РОО «Альянс независимых наблюдателей» — для включения в перерегистрацию уставов ОО, РОО!

Вы можете использовать любые пункты, главное, проконсультируйтесь с юристами вашей организации. И поспешите, у нас критически мало времени!


 

2. Бірлестіктің мәні және қызметінің мақсаттары

2.1 Қазақстан Республикасындағы сайлау үрдістері мен сайлау заңнамаларының орындалуын бақылауды ұйымдастыру, еліміздің мемлекеттік және сайлау үрдістеріне халықтың сенім деңгейін арттыру үшін Қазақстандағы сайлау үрдісіне қатысатын сайлаушылардың, кандидаттар мен бақылаушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау Бірлестік қызметінің мәні болып табылады.
2.2 Бірлестіктің мақсаты:
2.2.1 Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының басқа да қолданыстағы заңдарына, адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясына; Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған адам құқықтары туралы басқа да халықаралық құжаттарға сәйкес сақталуы үшін мемлекеттегі сайлау үдерісінің барлық деңгейлерінде және барлық кезеңдерде тәуелсіз бақылауды қамтамасыз ету.
2.2.2 сайлауда азаматтық және саяси құқықтар мен бостандықтардың сақталуын қамтамасыз ету.
2.2.3 елімізде өтетін барлық сайлауларда сайлау үдерісінің барлық қатысушылары арқылы Қазақстан Республикасындағы сайлау заңнамасын мүлтіксіз орындалуына қол жеткізу.
2.2.4 демократиялық платформада еліміздің дамуына белсенді қатысу, әділетті қоғам мен құықтық мемлекет құру;
2.2.5 тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау бойынша бір ретік акциялар өткізу;
2.3. Бірлестік Жарғылық мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындайды:
2.3.1 еліміздің барлық өңірлерінде сайлау үдерісіне бақылаушыларды дайындау және оқыту бойынша жүйелі әдістемелік жұмыс жүргізеді;
2.3.2 сайлау үдерісін бақылауға қатысуға және өз байқаушыларын қоюға ниет білдіретін басқа бірлестіктермен бірлескен жұмыс жүргізеді.
2.3.3 Жарғылық мақсаттарға қол жеткізуге, сондай-ақ Бірлестік мүшелерін қолдауға және дамытуға бағытталған жобалар мен бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады;
2.3.4 Осы Жарғы мақсаттарына қарсы келмейтін жергілікті атқарушы билік органдары өткізетін азаматтық, саяси және мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады.
2.3.5 Жоспарлауды, ұйымдастыруды, қаржыландыруды, ынталандыруды, марапаттауды, ақпараттандыруды, есептілікті қоса алғанда, бірлестіктің жобалары мен бағдарламаларын басқаруды ұйымдастырады;
2.3.6 Бірлестік мақсаттарына қайшы келмейтін әртүрлі гранттар мен ұйымдардың, азаматтардың ерікті салымдарын ақшалай және материалдық қаражат түрінде тартуды қоса алғанда, бірлестікті қолдау мен дамыту үшін қаржы, материалдық, ақпараттық, еңбек және басқа да ресурстар тартады;
2.3.7 Жеке өзі және басқа ұйымдастырушылармен бірге Өзінің жарғылық қызметін жүзеге асыру үшін конференциялар, съездер, құрылтайлар, жиналыстар, митингілер, трансляциялар, пикетке шығу, шерулер, дебаттар, тренингтер, форумдар, конгрестер, семинарлар, флеш-мобтар, концерттер, акциялар және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да іс-шараларды өткізеді;
2.3.8 Байланыс және коммуникацияның барлық құралдарын, соның ішінде мобильді қосымшаларды, интернет, онлайн сервистерді, әлеуметтік желілерді, электрондық және мобильді құрылғыларды, Бірлестік мүшелері арасында ақпараттандыру және қарым-қатынас жасау үшін және халық арасында өз идеяларын насихаттау үшін пайдаланады;
2.3.9 Өз іс-шараларын өткізу кезінде өз мүшелерінің қауіпсіздігін және қорғалуын қамтамасыз етеді
2.3.10 Бірлестіктің жарғылық қызметіне қатысты істер бойынша білікті заң көмегін ұсыну арқылы сотта және мемлекеттік органдарда өз мүшелерін қорғауды қамтамасыз етеді;
2.3.11 Сайлау үдерісі бойынша қызметті жүргізетін әр түрлі комиссияларға қатысады;
2.3.12 ҚР қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін еліміздің құрылымындағы саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларындағы заң шығару және қоғамдық бастамалар мен жобаларға қатысты басқа да қызметтерді атқарады.


2. Предмет и цели деятельности Объединения

2.1 Предметом деятельности Объединения является организация наблюдения за исполнением выборного процесса и выборного законодательства в Республике Казахстан, деятельность по защите прав и законных интересов избирателей, кандидатов и наблюдателей, участвующих в выборном процессе в Казахстане для повышения уровня доверия народа к государственным и выборным процессам страны.
2.2. Цели Объединения:
2.2.1 Обеспечить независимое наблюдение избирательного процесса в стране на всех уровнях и на всех этапах соответствия его Конституции Республики Казахстан, Конституционному Закону Республики Казахстан «О выборах в Республике Казахстан», другими действующими законодательствами Республики Казахстан, Всеобщей декларации прав человека, Международному пакту о гражданских и политических правах, другими международными документами о правах человека, ратифицированными Республикой Казахстан;
2.2.2 Обеспечить соблюдение гражданских и политических прав и свобод на выборах;
2.2.3 Содействие неукоснительному исполнению выборного законодательства в Республике Казахстан всеми участниками выборного процесса во всех выборах проходящими в стране;
2.2.4 Активное участие в развитии страны на демократической платформе, создание справедливого общества и правового государства;
2.2.5 Организация разовых акций по пропаганде здорового образа жизни среди населения;
2.3 Для достижения уставных целей Объединение выполняет следующие задачи:
2.3.1 Ведет регулярную методическую работу по подготовке и обучению наблюдателей за избирательным процессом во всех регионах страны;
2.3.2 Ведет совместную работу с другими объединениями, имеющими намерение участвовать в наблюдении избирательного процесса и выставлять своих наблюдателей.
2.3.3 Разрабатывает и реализует проекты и программы, направленные на достижение уставных целей, а также на поддержку и развитие членов Объединения;
2.3.4 Участвует в организации гражданских, политических и культурно-массовых мероприятий, проводимых с целями, не противоречащими настоящему Уставу местным исполнительными органами власти.
2.3.5 Организует управление проектами и программ Объединения, включая планирование, организацию, финансирование, мотивацию, поощрения, информирование, отчетность;
2.3.6 Привлекает финансы, материальные, информационные, трудовые и другие ресурсы для поддержки и развития Объединения, включая различные гранты и привлечение добровольных вкладов организаций, граждан в виде денежных и материальных средств, благотворительные и иные мероприятия по сбору средств, не противоречащие целям Объединения;
2.3.7 Проводит самостоятельно или с другими организаторами конференции, съезды, Курултаи, собрания, митинги, трансляции, пикетирование, шествия, дебаты, тренинги, форумы, конгрессы, семинары, флеш-мобы, концерты, акции и другие мероприятия для осуществления своей уставной деятельности и согласно действующему законодательству Республики Казахстан;
2.3.8 Использует все средства связи и коммуникаций, включая мобильные приложения, интернет, онлайн сервисы, социальные сети, электронные и мобильные устройства для обучения, информирования и общения между членами Объединения и для пропаганды своих идей среди населения;
2.3.9 Обеспечивает безопасность и защиту своим членам при проведении своих мероприятий;
2.3.10 Обеспечивает защиту в суде и государственных органах своим членам предоставлением квалифицированной юридической помощи по делам, касающимся уставной деятельности Объединения;
2.3.11 Принимает участие в различных комиссиях, ведущих деятельность по выборному процессу.
2.3.12 Осуществляет иную деятельность не противоречащие законодательству Республики Казахстан касательно законотворческих и общественных инициатив и проектов в области политического, экономического и социального устройства страны.