не дадим украсть наш голос!
Устанавливайте telegram и регистрируйтесь в чат-ботах @DauysGolosBot @Baigekz_bot @Alamankz_bot

Adil Saylau желілік сайлауда бақылаушының әдеп кодексі — Этический кодекс наблюдателя за выборами Сети «Adil Saylau»

САЙЛАУДА БАЙҚАУШЫНЫҢ ӘДЕП КОДЕКСІ

(түрлі ұйымдарға ортақ)

Мен, сайлауды және сайлау процесін және оның нәтижелерін байқаушылар қатарына кіре отырып, аталған Әдеп кодексін бұлжытпай орындауды және төмендегі мәтінде баяндалған бақылау қағидаттарын басшылыққа алуды міндетіме аламын.

Анықтамалар:

Бақылау – учаскелік сайлау комиссиясын қалыптастырудан бастап, кандидаттарды ұсыну, дауыстарды санау және сотта сайлау құқықтарын қорғауға дейінгі сайлаудың барлық процесі (сайлау процесі) бойынша болып жатқанды бекіту (аталған құжаттың соңындағы «Сайлау процестерін» қараңыз). Бақылау аталған Әдеп кодексінің негізінде жүзеге асырылады.

Бақылау қағидаттары:

  1. Бақылаудың және байқаушының тәуелсіздігі

Бақылау байқаушының қандай да бір партияның, қозғалыстың, кәсіподақтың мүшесі болуына, өзге де көзқарастарына, жас ерекшелігіне, ұлтына, кәсібіне, өзге де факторларға қарамастан, аталған Әдеп кодексінің негізінде жүзеге асырылады. Сайлауды тәуелсіз бақылау саяси бейтарап, әділ және партиядан тыс сипатқа ие. Байқаушылар кез келген баға беруден, пікір білдіруден және саяси күштер мен кандидаттардың біріне басымдық беруді, олардың бірін жаратып, кейбірін жаратпауды білдіретін символика пайдаланудан аулақ болады.

  1. Байқаушының қызметін жүзеге асырудағы жеке бейсаясаттылық

Осы Әдеп кодексіне қол қойған әрбір байқаушы кез келген саяси ұстанымда болып, кез келген партия қатарына алынып, оған мүше бола алады, кез келген саяси және қоғамдық бірлестіктердің соңынан ере алады, алайда, байқаушының рөлін және қызметін атқара отырып, ол осы Кодекстің қағидаттарын бұлжытпай орындауға міндетті. Байқаушы сайлау процесін бақылау уақытында өз партиясының, қозғалысының, т.б. идеяларын насихаттамауы тиіс, оның сайлауды бақылауға жатпайтын мәлімдемелері, сөйлеген сөздері қандай да бір партияның, қозғалыстың, өзге де ұйымдардың мәлімдемелері, сөздері ретінде қабылдана алмайды. Сайлауды бақылауда, мандатты партия берген болса да, байқаушы тек өзіне мандат/жолдама берген ұйымның өкілі болып табылады.  

  1. Заңдылықты және құқықтарды сақтау

Сайлауды бақылау Қазақстан Республикасының сайлау туралы, референдум туралы заңнамасын, сайлауға қатысты өзге де мемлекеттік актілерді бұлжытпай орындаудың негізінде жүзеге асырылады. Оған қатысушылар аталған заңнаманың бұзылуына жол бермейді және сайлау процесіне қатысушылардың да оны бұзбауын қадағалайды. Байқаушылар орын алған заң бұзушылықтарды бекітеді, оның ішінде халықаралық мәнмәтінде (ҚР заңнамасында ескерілмеген сайлау процесіне қатысушылардың құқықтары).

  1. Жариялылық

Тәуелсіз бақылау жариялылық және ашықтық сипатқа ие. Бақылау барысында алынған барлық құжаттар: материалдар, фактілер және бақылау процесінде алынған деректер, сондай-ақ өткізілген іс-шаралар, бақылаудың қорытындысы бойынша берілген баға, қорытындысы және нұсқамалар жариялылық және бұқаралық сипатқа ие және жұртшылыққа және бұқаралық ақпарат құралдарына оның өз атынан еркін түрде ұсынылады.    

  1. Шынайылық, дәйектілік және фактілерді ұсыну

Тәуелсіз бақылау объективті және шынайы ақпаратты пайдалануға негізделеді. Әрбір байқаушы талап етілетін барлық процестерді өзінің күнделігіне бекітеді. Байқаушылар шынайы және расталған фактілерді негізге алып, жалған және тексерілмеген ақпаратты пайдаланудан бас тартады.  

  1. Бақылауды жүргізудің айқындығы және жүйелілігі

Байқаушылар бірлескен деректерді алу үшін байқаушылардың жалпы ақпараттық жүйесіне қосылады, байқаушының күнделігін бос өткізбей толтырады, күнделіктегі сұрақтарға нақты жауап жазады, бұл ретте мынаны түсіну маңызды: талап етілетіні – кез келген термин түсінікті және түсіндірілген болуы тиіс. Байқаушылардың ұйымдары қажет болған кезде бақылаудағы жауапкершілік саласын және деректер мәліметінің есебін және жедел ақпаратты берудің бірыңғай форматын өз байқаушыларымен келіседі.

  1. Учаскедегі байқаушылармен және бақылауды ұйымдастырушы ұйымдармен ынтымақтастық

Байқаушылар өзге байқаушылармен өзара қарым-қатынас құрып, заң бұзушылықтар мен кемшіліктерді көрсетіп, жақсы тәжірибелерін бөліседі, алайда бекітуге келгенде, тек өз көздерімен көргенді немесе өзінің бейнебекіту құрылғысынан көргенді негізге алады. Сайлау процесіне жалпылама баға беру сайлау нәтижелері анықталғаннан кейін байқаушылардың ұйымдарымен жүзеге асырылады және сайлау науқанының, дауыс берудің және дауыстарды санаудың барысына жасалған талдауға негізделеді. Есеп беруде қажет болған жағдайда өзге де тәуелсіз (биліктен және басқарушы партиядан) ұйымдардың сілтеме түріндегі деректерін пайдалануға кеңес беріледі. 

  1. Кәсібилік және құзіреттілік

Тәуелсіз бақылау, ҚР сайлау заңнамасын және сайлау процедураларын зерттеуді ұйымдастыруды қоса алғанда, байқаушылардың құзіреттілігі мен даярлығының қажетті деңгейін қамтамасыз етуді талап етеді. Әрбір байқаушы оқу курсынан өтіп, негізгі ұсынылған курс бойынша сертификаттық емтихан тапсырып, балл алуы және оны жақсартуы тиіс.  

  1. Тәртіптілік және субординация

Бағыну және айқын есептілік – байқаушылардың ұйымы үшін өте маңызды. Сайлау алдындағы кезеңде барлық байқаушылар өз басшыларын, басшыларының басшыларын жақсы таниды, ақпараттың керекті форматта керекті адамға табысталғанына көз жеткізеді.

  1. Сайлау процесі және қойылатын талаптар туралы білімді еркін тарату

Тәуелсіз бақылау сайлаушылардың құқықтық сауаттылығына ықпалын тигізе отырып, маңызды ағартушылық қызмет атқарады. Тәуелсіз байқаушылар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыруы тәртібінде азаматтарды сайлау және референдум туралы шынайы ақпараттандыруға ықпал етеді.                      

  1. Ұждандылық және адалдық

Байқаушылар үшін ең алдымен өзінің және өз тобындағы байқаушылардың алдындағы  ұждандылығы маңызды. Учаскеде де майдандағы сияқты, қарсыласыңмен бетпе-бет жалғыз боласың, тек өзіңе сенуің керек. Шынайы деректерді жинау өте маңызды, сондықтан кез келген процесті бақылауды жүзеге асыруда барлық ережелер мен міндеттемелерді адал атқару талап етіледі.   

  1. Табандылық және заңдылықты сақтауды талап ету

Сайлау процесінің кез келгенінен байқаушыны бақылау мүмкіндігінен заңсыз айырған жағдайда, ол салиқалы табандылық танытуы тиіс: заңнамаға және халықаралық нормаларға сілтеме жасай отырып, барлық прокурорды және полицияны шақыруға дейінгі заңды мүмкіншіліктерді пайдаланып,  өзінің және өзгелердің құқықтары мен міндеттерін әдепті түрде түсіндіру. 

  1. Байқаушы жолданған ұйымның беделін көтеру

Байқаушы өзі жолдаған ұйымның және сайлауды бақылауды орындаған өзге де қоғамдық бірлестіктердің беделін көтере отырып, өз қызметінің жоғары маңыздылығын сезінеді.    

  1. Өз бетімен шешім қабылдай білу

Байқаушы сайлау нәтижелерімен келіспеген жағдайда митингілерге, шерулерге шығуға, өзге де акцияларға қатысуға міндетті емес, алайда оның құқығы және жеке еркі бар.    

 

Бақылаушының міндеттері:

 

  1. Аталған Әдеп кодексін бұлжытпай орындау

Аталған Әдеп кодексіне қол қойған әрбір байқаушы оны бұлжытпай орындауды және оның орындалуына ықпал етуді міндетіне алады.

  1. Сайлау процесіндегі заңнаманың және халықаралық құқықтардың бұзылуын бекіту

Сайлау процесін бақылау, күнделік жүргізу, заң бұзушылық жағдайында акті, хаттама толтыру.

  1. Сайлау туралы заңның сотта орындалуын талап ету

Сайлауда заң бұзушылықпен және заң бұзушылықты бекіту фактісімен кезіккен әрбір байқаушы акті жазып, бірінші сатыдағы сотқа беруге міндетті (сайлау науқанында бұл тегін).    

  1. Тәртіп сақтау

Байқаушы куәлігін алған әрбір байқаушы тәртіпті қатаң сақтап, баяндалған шарттарды орындауы тиіс: өзіне тапсырылған учаскеге уақытылы және даярлықпен келу, нақты сайлау бойынша нұсқаулықты орындау, аудандағы байқаушы штабының басшысы рұқсат еткенде ғана учаскеден шығу.

  1. Жақсы қарым-қатынас орнату

Әрбір байқаушы түрлі ұйымдардағы байқаушылармен іскерлік  және тілектестік қарым-қатынас пен сындарлы ынтымақтастық орнатуға және оны нығайтуға ықпал етуге міндетті. Байқаушының ұжымдағы атақ-абыройына нұқсан келтіретін, әріптестерінің жеке және кәсіби қасиеттерін талқылаудан бойын аулақ ұстау. 

  1. Күрделі мәселелерді татулық жолмен шешу

Әрбір байқаушы сыңаржақ әрекеттердің жолын кесіп, әріптестерінің өз міндеттерін орындауына кедергі келтіретін әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеуге міндетті.

  1. Өз учаскесі туралы ақпараттың көшірмесін жасап, оны сақтау

Әрбір байқаушы өз мандатын, өзінің учаскесіндегі сайлау туралы ақпаратты (нақты материалды)  сайлау күніне бастап 5 жыл бойы сақтап қоюға (мәселені БҰҰ-да қарау жағдайына) міндетті. 

  1. Өзін техникалық және АТ-қауіпсіздік бағытында дамыту

Әрбір байқаушы компьютермен, телефондармен, ғаламтормен, әлеуметтік желілермен жұмыс жасаудағы икем, дағдыларын дамытуға міндетті. Ол осылардың барлығын пайдалана білуге және бақылауды бекітетін арнайы бағдарламаларды білуге, деректерге қауіп келмеуі үшін және деректерді бұрмалау мақсатында болатын АТ-шабуылдардан қорғану үшін, өзінің күрделі парольдерін сенімді, өзгелерге қолжетімсіз жерде сақтауға міндетті.       

Құжатқа қол қоя отырып, жоғарыда баяндалған Кодексті орындау туралы келісімімді растаймын, өзімнің дербес деректерімді (ТАӘ,  e-mail, телефон нөмірім, мекен-жайым) сайлау процесін бақылаумен байланысты мақсаттарда өңдеуге және пайдалануға келісімімді беремін.

 

«_____» ______________ __________ж.                     ___________________ (қолы)

ТАӘ_________________________________________________________________________          

 


Сайлау процестері

Сайлау процестеріне кіретіндер – оның ішінде, биліктің, партиялардың, кандидаттардың, бақылаушылардың орындайтындары:

САЙЛАУҒА ДЕЙІН

  • сайлау комиссияларын (УСК, АСК, РСК, ОСК) қалыптастыру және кезекті және кезектен тыс сайлауларға даярлық, комиссия мүшелерінің жұмысына үйрету;
  • партияларды қалыптастыру, саяси күштердің жақтастарын қолдауды ұйымдастыру, халықпен, сайлаушылармен жұмыс;
  • заңнама базасын даярлау;
  • байқаушылар рекрутингі;
  • байқаушылардың және оппозициялық партия өкілдерінің комиссиялардың құрамына кіруге тырысуы.

САЙЛАУ НАУҚАНЫНДА

  • сайлауды хабарлау;
  • кандидаттарды, сенімді өкілдерді тіркеу, кандидаттардың талаптарға сайлығын тексеру;
  • сайлау алдындағы үгіт-насихат;
  • сайлаушылардың барынша дәл деректемелер базасын қалыптастыру;
  • сайлаушыларға сайлау күні туралы хабарлау;
  • учаскелерді ұйымдастыру, сайлау күніне даярлық: кабиналарды жабдықтау, көрінетін урнаның болуы, мөрлеу, бақылауға арналған аймақты жасау, бекіту талондарын басқару, т.б.;
  • заңнамалық биліктің барлық деңгейлеріне кандидаттарды ұсыну бойынша партиялардың ұйымдастырушылық съезддері;
  • кандидаттарды, партияларды қолдау бойынша қол жинау;
  • сайлау күні учаскелерде кандидаттардың және партиялардың өкілдіктерін, олардың өкілдерін ұйымдастыру (СК-ге партиядан өкілдерді бағыттау және партиялардан, кандидаттардан байқаушыларды тіркеу арқылы);
  • сайлау комиссияларының жұмысын бақылау;
  • байқаушылардың жұмысын ұйымдастыру, байқаушыларға қосымша рекрутинг жүргізу.

САЙЛАУ КҮНІ

  • дауыс беру;
  • кабиналарды жабдықтауды ұйымдастыру, көрінетін урнаның болуы, мөрлеу, урнаға бюллетеньдерді көптеп салу фактілерін жіті қадағалау, бақылауға арналған аймақ, бекіту, бекітуге рұқсат ету, УСК төрағасының учаскені ашудағы және жабудағы сөйлеген сөзі, бюллетень беру, т.б.);
  • экзит-пулдар;
  • УСК-да дауыстарды санау (УСК мүшелерінің процедураларды, нәтижелерді мөрлеуді, талап етуі бойынша дауыстарды қайта санауды, арақашықтықты, әрбір бюллетень бойынша жариялауды және басқаларын бұлжытпай орындауы);
  • АСК-да, РСК-да, ОСК-да дауыстарды санау (сол ережелер, тағы нәтижелер мәліметтерінің кестесі, нәтижелерді бекіту);
  • сайлау құқықтарының сақталуын байқаушылар тарапынан тікелей бақылау.

 

САЙЛАУДАН КЕЙІН

  • бұрмалаушылық орын алған жағдайда сайлау нәтижелерін соттарда қорғау;
  • нәтижелерді жариялау;
  • сайлауды заңды немесе заңсыз деп мойындау;
  • сайлау нәтижелерін хаттама түрінде бекіту және ОСК сайтында, БАҚ-та жариялау.

 


ЭТИЧЕСКИЙ КОДЕКС НАБЛЮДАТЕЛЯ ЗА ВЫБОРАМИ

(общий для разных организаций)

Я, вступая в ряды наблюдателей за выборами и выборным процессом и результатами, обязуюсь соблюдать данный этический кодекс и руководствоваться принципами наблюдения, изложенными по тексту ниже.

Определения:

Наблюдение – фиксация происходящего по всем процессам выборов (избирательным процессам), начиная от формирования участковых избирательных комиссий до выдвижения кандидатов,  подсчета голосов и отстаиванию избирательных прав в суде (см. «Избирательные процессы» в конце данного документа). Наблюдение осуществляется на основе данного Этического Кодекса.

Принципы наблюдения:

  1. Независимость наблюдения и наблюдателя.
    Наблюдение на основе данного Этического кодекса осуществляется вне зависимости от принадлежности наблюдателя к той или иной партии, движения, профсоюза и прочих взглядов, возраста, национальности, профессии и других факторов. Независимое наблюдение за выборами носит политически нейтральный, беспристрастный и внепартийный характер. Наблюдатели воздерживаются от любых оценок, высказываний и использования символики, которые могут быть истолкованы как оказание предпочтения, симпатии или антипатии политическим силам и кандидатам.
  2. Личная аполитичность при осуществлении функций наблюдателя.
    Каждый наблюдатель, подписавший настоящий Этический Кодекс, может придерживаться любых политических взглядов, вступать в любую партию и быть ее членом, быть последователем любых политических и общественных движений, но, исполняя роль и функции наблюдателя, он (она) должен придерживаться принципов настоящего Кодекса. Наблюдатель не должен пропагандировать идеи своей партии, движения и пр. во время наблюдения за выборным процессом, и его (её) заявления, речи, высказывания, не относящиеся к наблюдению за выборами, не могут быть истолкованы как заявления и речи той или иной партии, движения и прочих организаций. При наблюдении на выборах наблюдатель является представителем только той организации, которая выдала ему (ей) мандат/направление для наблюдения, даже если мандат выдала партия.
  3. Соблюдение законности и прав.
    Наблюдение на выборах осуществляется на основе соблюдения законодательства Республики Казахстан о выборах, о референдуме и других относящихся к выборам госактов. Его участники не допускают нарушения указанного законодательства и следят за его соблюдением всеми участниками процесса выборов. Наблюдатели фиксируют нарушение прав, в том числе, в международном контексте (неучтенные в законодательстве РК права участников избирательного процесса)
  4. Гласность.
    Независимое наблюдение носит гласный и открытый характер. Все документы, полученные в ходе наблюдения: материалы, факты и данные, полученные в процессе наблюдения, а также проводимые мероприятия, оценки, выводы и рекомендации по итогам наблюдения носят гласный и публичный характер и свободно предоставляются общественности и средствам массовой информации от своего имени.
  5. Реалистичность, аргументированность и предоставление фактов.
    Независимое наблюдение основывается на использовании объективной и достоверной информации. Каждый наблюдатель фиксирует в своем дневнике все требуемые процессы. Наблюдатели основываются на достоверных и подтверждённых фактах и отказываются от использования ложной или непроверенной информации.
  6. Ясность и системность ведения наблюдения.
    Наблюдатели включаются в общие информационные системы наблюдателей для получения совместных данных, заполняют дневники наблюдателя, без пропусков, четко отвечая на вопросы дневников, при этом важно понимать все, что требуется от каждого, любой термин должен быть понятен и разъяснен. Организации наблюдателей согласуют при необходимости сферы ответственности наблюдения для своих наблюдателей и единые форматы отчетности для сведения данных и оперативной информации.
  7. Сотрудничество с наблюдателями на участках и с организациями, организовавшими наблюдение.
    Наблюдатели взаимодействуют с другими наблюдателями, указывая на нарушения и недостатки и хорошую практику, но фиксация происходит только того, что видели сами воочию или со своего устройства видеофиксации. Общая оценка избирательного процесса осуществляется организациями наблюдателей после определения результатов выборов и основана на анализе хода избирательной кампании, хода голосования и подсчета голосов. При отчетах рекомендуется при необходимости использовать данные других независимых (от власти и правящей партии) организаций в виде ссылок.
  8. Профессионализм и компетенция.
    Независимое наблюдение предполагает обеспечение необходимого уровня компетентности и подготовленности наблюдателей, включая организацию изучения избирательного законодательства РК и процедур выборов. Каждый наблюдатель должен пройти обучение и сдать сертификационный экзамен по основному предложенному курсу, получить балл, который можно и улучшать.
  9. Дисциплина и субординация.
    Подчинение и четкая отчетность – очень важны для организации наблюдателей. В предвыборную пору все наблюдатели знают своих руководителей и руководителей своих руководителей, убеждаются, что информация попала в нужном формате в нужные руки.
  10. Свободное распространение знаний о выборных процессах и требованиях.
    Независимое наблюдение выполняет важную образовательную функцию, способствуя правовому образованию избирателей. Независимые наблюдатели способствуют достоверному информированию граждан о выборах и референдуме в соответствии с законами Республики Казахстан и порядке реализации избирательных прав граждан.
  11. Честность и добросовестность.
    Для наблюдателей важна, прежде всего, честность перед самим собой и перед своей ячейкой наблюдателей. На участке как на фронте, остаешься один на один с противником, и важно полагаться только на себя. Очень важно собирать достоверные данные, и поэтому требуется добросовестное выполнение всех правил и обязательств при осуществлении наблюдения любого из процессов.
  12. Настойчивость и требование соблюдения законности.
    При ситуации, когда наблюдателя незаконно лишают возможности наблюдать в любом из избирательных процессов, наблюдатель должен проявлять разумную настойчивость: вежливо разъяснять свои и чужие права и обязанности, ссылаясь на законодательство и международные нормы, используя все законные возможности, вплоть до вызова прокурора и полиции.
  13. Поддерживать авторитет организации, от которой наблюдатель направлен.
    Наблюдатель поддерживает авторитет той организации, которая его направила и других общественных объединений, выполняющих наблюдение за выборами, и осознаёт высокую значимость выполняемых ими функций.
  14. Самостоятельность принятия решений.

Наблюдатель не обязан, но имеет право и собственную волю, выходить на митинги, демонстрации в случае несогласия с результатами выборов и на другие акции.

 

Обязанности наблюдателя:

 

 

  1. Соблюдать данный Этический Кодекс.

Каждый наблюдатель, подписавший Этический Кодекс, обязуется соблюдать его и способствовать его соблюдению.

  1. Фиксировать все нарушения законодательства и международных прав в избирательном процессе.

Наблюдать за процессом выборов, вести дневники, заполнять акты, протоколы нарушений.

 

  1. Требование соблюдения законов о выборах в суде.

Каждый наблюдатель, столкнувшийся с нарушением и зафиксированным фактом нарушения обязан написать акт, подать в суд первой инстанции (это бесплатно в выборную кампанию).

  1. Соблюдать дисциплину.

Каждый наблюдатель, получивший удостоверение наблюдателя, обязан соблюдать дисциплину и оговоренные условия – прийти своевременно и подготовленным на вверенный участок, исполнять инструкцию по конкретным выборам, покинуть участок только с разрешения руководителя ячейки и штаба наблюдателей района.

  1. Поддерживать доброжелательные отношения.

Каждый наблюдатель обязан способствовать установлению и укреплению деловых и доброжелательных взаимоотношений между наблюдателями из разных организаций

и конструктивного сотрудничества. Воздерживаться от обсуждения личных и профессиональных качеств коллег, порочащих их честь и достоинство в коллективе;

  1. Разрешать проблемные ситуации мирным путем.

Каждый наблюдатель обязан пресекать деструктивные поступки, не допускать действий (бездействия), препятствующих выполнению коллегами их обязанностей.

  1. Копировать и хранить информацию о своем участке.

Каждый наблюдатель обязан сохранять свой мандат, информацию о выборах (фактический материал) на своем участке в течение 5 лет со дня выборов (на случай рассмотрения вопросов в ООН).

  1. Развиваться технически и в плане ИТ-безопасности.

Каждый наблюдатель обязан развивать свои навыки и умения в работе с компьютерами, телефонами, интернетом, соцсетями. Он обязан уметь пользоваться всем этим, а также специальными программами для фиксации наблюдений и хранить свои сложные пароли в надежном и недоступном посторонним месте, чтобы не подвергать опасности данные и противостоять  ИТ-атакам, что может исказить данные и посеять недоверие к данным его организации.

 

 

 

 

 

Подписывая документ, подтверждаю своё согласие о выполнении вышеизложенного Кодекса, даю согласие на обработку и использование своих персональных данных (ФИО, email, номер телефона, адрес) в целях, связанных с процессами наблюдения избирательных процессов.

 

 

«_____» ______________ __________г                     ___________________ (подпись)

 

Ф.И.О_________________________________________________________________________          


 

Избирательные процессы

Избирательные процессы включают в себя – в том числе, выполняемые властью, партиями, кандидатами, наблюдателями:

ДО ВЫБОРОВ

  • формирование избирательных комиссий (УИК, ТИК, РИК, ЦИК) и подготовка к очередным или внеочередным выборам, обучение работе членов комиссий
  • формирование партий, организация поддержки сторонников политических сил, работа с народом, избирателями
  • подготовка законодательной базы
  • рекрутинг наблюдателей
  • попытки наблюдателей и представителей оппозиционных партий войти в состав комиссий

ВО ВРЕМЯ ИЗБИРАТЕЛЬНОЙ КАМПАНИИ

  • объявление выборов
  • регистрация кандидатов, доверенных лиц, проверка кандидатов на удовлетворение требованиям
  • предвыборная агитация
  • формирование наиболее точной базы данных избирателей
  • оповещение избирателей о дне выборов
  • организация участков, подготовка ко дню выборов: оснащение кабинок, наличие прозрачной урны, опечатывание, создание зон для наблюдения, управление открепительными талонами и прочее.
  • организационные съезды партий по выдвижению кандидатов на все уровни законодательной власти
  • сбор подписей в поддержку кандидатов, партий
  • организация представительства кандидатов и партий, их представителей на участках в день выборов (через направление от партий представителей в ИК и регистрацию наблюдателей от партии, от кандидатов)
  • наблюдение за работой избирательных комиссий
  • организация работы наблюдателей, дополнительный рекрутинг наблюдателей

В ДЕНЬ ВЫБОРОВ

  • голосование
  • Организация оснащение кабинок, наличие прозрачной урны, опечатывание, вбросы, зоны для наблюдения, фиксация, разрешение для фиксации, речь председателя УИК при открытии и закрытии участков, выдача бюллетеней и прочее)
  • экзит-пулы
  • подсчет голосов в УИК (соблюдение процедур членами УИК, опечатывания результатов, пересчет по требованию, расстояние, оглашение по каждому бюллетеню и прочее)
  • подсчет голосов в ТИК, РИК, ЦИК (то же, плюс таблица сведения результатов, фиксация результатов)
  • прямое наблюдение со стороны наблюдателей соблюдения избирательных прав

 

ПОСЛЕ ВЫБОРОВ

  • отстаивание результатов выборов в случае фальсификаций в судах
  • публикация результатов
  • признание выборов легитимными или нет
  • фиксация результатов выборов в виде протоколов и публикаций на сайте ЦИК и в СМИ.