Республикалық және өңірлік БАҚ назарына! Вниманию республиканских и региональных СМИ!

2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарларына сәйкес сайлау алдындағы үгіт партиялық тізімдерді тіркеу мерзімі аяқталған кезден бастап, 2020 жылғы 10 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 2021 жылғы 9 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» КЗ 28-бабының 2-тармағына сәйкес партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялардың сайлау алдындағы үгiт жүргiзуi үшiн бұқаралық ақпарат құралдарына қол жеткiзуiнiң тең жағдайына кепiлдiк беріледi.

Кандидаттарға немесе саяси партияларға бұқаралық ақпарат құралдарында эфир уақыты мен баспасөз бетінен орын беру үшін кандидаттың куәлігі, хабар беруді (эфирге шығаруды) жүзеге асыратын бұқаралық ақпарат құралы басшысының атына жазылған оның жеке басының немесе саяси партияның уәкілетті адамының жазбаша өтініші немесе Орталық не тиісті аумақтық сайлау комиссиясының партиялық тізімді тіркеу туралы шешімінің көшірмесі негіз болып табылады.

ҚР ОСК 2018 жылғы 25 тамыздағы № 12/203 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламенті, мәслихаттары депутаттарының, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау алдындағы үгітті жүзеге асыру және ақпараттық қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдары партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сөз сөйлеуі үшін эфир уақыты мен баспасөз бетінен орын беру кестесін әзірлейді.

Саяси партиялардың үгіт материалдарын шығару (эфирге шығару) күні мен уақыты көрсетілетін кестенің көшірмесі кандидат немесе саяси партия өтініш берген күннен бастап үш күн ішінде, кестеге өзгерістер енгізуді қоспағанда тәулік ішінде ұсынылуға тиіс, Орталық немесе тиісті аумақтық сайлау комиссиясына жіберіледі.

Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау жөніндегі кестенің көшірмесі — Орталық сайлау комиссиясына, мәслихаттар депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық сайлау комиссияларына ұсынылуға тиіс.

Мәжіліс, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарында эфир уақытын, баспасөз бетінен орын беру туралы шарттың талаптары белгілі бір кандидатқа немесе саяси партияға артықшылық бере алмайды.

Анықтама: аумақтық сайлау комиссияларының байланыстары мына сілтеме бойынша орналасқан: https://www.election.gov.kz/rus/tercomms/

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының

Баспасөз қызметі

тел. 75-21-03, 75-23-69

[email protected]

[email protected]

https://t.me/electionelection


Вниманию республиканских и региональных СМИ!

 

В соответствии с Календарными планами основных мероприятий по подготовке и проведению очередных выборов депутатов Мажилиса Парламента и маслихатов Республики Казахстан, предвыборная агитация начинается с момента окончания срока регистрации партийных списков, после 18.00 часов по местному времени 10 декабря 2020 года и заканчивается в ноль часов по местному времени 9 января 2021 года.

В соответствии с п.2 ст. 28 КЗ «О выборах в Республике Казахстан», политическим партиям, выдвинувшим партийные списки, гарантируются равные условия доступа к средствам массовой информации для проведения предвыборной агитации.

Основанием для предоставления эфирного времени и печатной площади в средствах массовой информации кандидатам или политическим партиям является удостоверение кандидата, его личное или уполномоченного лица политической партии письменное заявление на имя руководителя средства массовой информации, осуществляющего выпуск (выход в эфир) или копия решения Центральной либо соответствующей территориальной избирательной комиссии о регистрации партийного списка.

Согласно Правил осуществления предвыборной агитации через средства массовой информации и информационного обеспечения выборов Президента Республики Казахстан, депутатов Парламента, маслихатов Республики Казахстан, а также членов иных органов местного самоуправления, утвержденными Постановлением № 12/203 ЦИК РК от 25 августа 2018 года, средства массовой информации разрабатывают график предоставления эфирного времени и печатных площадей для выступлений политических партий, выдвинувших партийные списки.

Копия графика, в котором указываются дата и время выпуска (выхода в эфир) агитационных материалов политических партий направляется в Центральную или соответствующую территориальную избирательную комиссию в течение трех дней со дня обращения кандидата или политической партии, за исключением внесения изменений в график, который должен быть представлен в течение суток.

По выборам депутатов Мажилиса Парламента копия графика должна быть представлена в Центральную избирательную комиссию, по выборам депутатов маслихатов — в территориальные избирательные комиссии.

Условия договора о предоставлении политическим партиям, выдвинувшим партийные списки кандидатов в депутаты Мажилиса, маслихата, а также кандидатам в члены иных органов местного самоуправления эфирного времени, печатной площади в средствах массовой информации не могут создавать преимуществ тому или иному кандидату или политической партии.

Справочно: контакты территориальных избирательных комиссий расположены по ссылке: https://www.election.gov.kz/rus/tercomms/

 

Пресс-служба

Центральной избирательной комиссии

Республики Казахстан

tel. 75-21-03, 75-23-69

[email protected]

[email protected]

https://t.me/electionelection

 

ИСТОЧНИК: https://www.election.gov.kz/rus/news/releases/index.php?ID=5911